Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халықтың 75%-і референдумды қолдайды

Халықтың 75%-і референдумды қолдайды

Ел азаматтарының 75%-тен астамы Конституцияға енгізілетін өзгертулерді қолдайды. 5 маусымда сайлау бөлімшелеріне халықтың үштен екісі келеді деп күтілуде. «Amanat» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты 19-22 мамыр аралығында жүргізген зерттеуінің нәтижесі осындай. Сауалнамаға 1700-ден астам респондент қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 67%-тен астамы алдағы референдум елдің дамуына оң әсер етеді деген пікірде. Тұрғындардың басым көпшілігі азаматтардың құқығын қорғау тетіктері күшейетініне сенеді. Әрі халықтың елді басқару ісіне араласуы кеңейетінін қолдайды.  Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру жөніндегі ұсыныстарды азаматтардың 64% құптайды. Мамандардың айтуынша референдумға қатысуға ниет білдіргендердің қатары көбейіп келеді.

Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының хатшысы:

– Біз көбінесе азаматтардың қолдайтынын байқаймыз осы рефрендумды. Бұл біріншіден. Екіншіден, менің жасым 31-де. Осы күнге дейін әлі бірде-бір рет референдумға қатыспағанмын. Соңғы референдум 1995 жылы болды. Сондықтан да қазір референдумға қатыспаған азаматтардың ең үлкені 43-те. Бұның өзі де референдумға қосымша қызығушылық алып келеді.

Қазір депутаттар ауыл-аймақтарды аралап, рефрендумның жай-жапсарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Күні бүгінге дейін мыңға жуық кездесу өткізді. Басқосуларға 220 мыңнан астам адам қатысқан. «Amanat» партиясы үгіт науқаны аясында отандастарымыздың ұсыныстарын жинауға бағытталған акцияны іске қосты. Күні бүгінге дейін саяси ұйымға тұрғындардың 4,5 мыңнан астам талап-тілегі келіп түсті.

Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз енді ең қарапайым сөзбен  әр адамның деңгейіне түсіп, соларға түсіндіруге тырысамыз. Жалпы алғанда халықтың қолдауы бар. Бұған менің көзім жетті. Адамдар үлкен өзгеріс күтіп отыр. Ең бастысы – партиямыздың, Парламенттің биліктің сол сенімді ақтауы.

27 мамыр 2022 ж. 346 0