Нұриддин Әмитов: Әр азаматтың дауысы маңызды
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы қоғамдық штаб мүшесі Нұриддин Әмитов медицина саласы өкілдерімен кездесіп, «Жаңа Қазақстан» құрудағы референдумның мән–маңызын түсіндірді.
Кездесуде штаб мүшесі науқан кезіндегі дауыс беру тәртібін түсіндіріп, референдумның – ел өмірін жаңа өзгерістерге бастайтын үлкен саяси реформа екенін атап айтты.
Жиынға қатысқан басқа да штаб мүшелері Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өскелең ұрпақтың болашағын айқындайтын мүмкіндік екенін айтып, енгізілген өзгерістердің нақты баптары елдің арасындағы азаматтық қоғамды дамытуға, елдің билікке араласуына, елдің жағдайының жақсаруына бастау болатындығын тілге тиек етті.
«Жаңа Конституцияны қабылдау үшін еліміздегі әр азаматтың дауысы маңызды. Бүгін біз медицина саласының өкілдерімен кездесу барысында алдағы тарихи кезеңнің маңызы жайлы егжей-тегжейлі ой өрбіттік. Сондықтан, баршаңызды жарқын болашағымыз үшін 5-маусым күні өтетін референдумда дауыс беруге шақырамын»,- деді штаб мүшесі Н.Амитов.
Сала өкілдері кездесуде өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, мазмұнды ұсыныстарын білдірді.