Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада АвтоХҚО бөлімі ашылды

Қызылордада АвтоХҚО бөлімі ашылды

Қызылордада онлайн түрде рәсімделген, дайын нөмірлерді, техникалық төлқұжатты және жүргізуші куәлігін табыстайтын АвтоХҚО бөлімі ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Бөлім Астана даңғылы 46, мекенжайы бойынша № 2 ХҚО ғимаратында орналасқан.

Қызылорда қаласының тұрғындары енді онлайн режимінде техникалық төлқұжат, мемлекеттік нөмір алу және жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде Астана, 46 мекен-жайында орналасқан АвтоХҚО-ның жаңа автобөлімінен дайын құжаттарды ала алады. Жаңа бөлімде бір терезе қызмет көрсетеді, онда дайын нөмірлер, техникалық төлқұжаттар және жүргізуші куәліктері беріледі (құжатты жаңарту кезінде ғана, алғашқы жүргізуші куәліктері емтихандарды тапсырғаннан кейін мамандандырылған ХҚО-да ғана беріледі). Жыл соңына дейін мұндай бөлімдерді Қазақстанның басқа да ірі қалаларында ашу жоспарланып отыр.

Қосымша, барлық аталған мемлекеттік қызметтерді eGov порталы арқылы онлайн режимінде рәсімдеуге болатының жеткіземіз. Сондай-ақ Kaspi және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы көліктерді қайта тіркеуге болады. Жаңа бөлімде электрондық үкімет порталы арқылы тұтынушыларға тіркеу куәлігі мен жүргізуші куәлігін қайта рәсімдеу және банктік қосымшалар арқылы автокөлікті тіркеу жолдарын түсіндіретін кеңесшілер жұмыс істейді.
23 мамыр 2022 ж. 277 0