Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 1 қыркүйектен бастап мектептерге жаңа пән енгізіледі

1 қыркүйектен бастап мектептерге жаңа пән енгізіледі

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан мектептеріне «еңбекке баулу» пәні енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Вице-премьер Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеуде еңбек тәрбиесінің маңызы зор екенін атап өтті.

«Сондықтан жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап «еңбекке баулу» пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы осындай тәжірибеге ие. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап мектептерде жетінші сыныптан кәсіптік бағдар беруші-педагог енгізіледі, ол мамандық таңдауға бағытталады», – деді Тоғжанов.
22 мамыр 2022 ж. 261 0