Кіржұқпастарға Альцгеймер дерті төніп тұр
Заманауи адамның өмірінде микробтардың аз болуы немесе басқаша айтқанда гигиеналық гипотеза Альцгеймер ауруына (ақыл-парасат кемдігі ауруының кеңінен таралған түрі) шалдығудың басты себебі болуы мүмкін.
Мұндай шешімге Кембридж университетінің ғалымдары келіп тоқтаған. Айта кетсек, соңғы уақытқа дейін гигиеналық гипотеза денсаулығы әлсіз болған кішкене балалар контекстінде ғана қарастырылып келіпті.
Қандай да бір ана өз баласына су кешіп, батпақта ойнауға рұқсат бермеген сайын, олардың бөлмелері таза болған сайын, баланың иммунды жүйесі де әлсіз келетін болған, себебі оның ағзасы түрлі бактериялармен күресуге "жаттықпайды" деп есептеліп жүрді. Кедей елдерде бала аллергиясы дамыған елдермен салстырғанда анағұрлым төмен. Мұның себебі: балалардың иммунитеті бірнеше есе мықты болуында.
Енді оксфордық ғалымдар аталған теорияның дамыған елдерде Альцгеймер ауруының жайылуының түсіндірмесі болып шығатынын немесе керісінше екенін анықтамақ болған. Олар 192 ел бойынша деменция ауруына (ақыл-парасат кемдігі) шалдығу жайлы ақпаратты қарап шыққан. Нәтижесінде Камбоджа, Кения секілді кедей елдерде Альцгеймер ауруы дамыған елдерге қарағанда 43 пайызға сирек кездесетіні байқалған.
Сонымен қатар, дамыған елдер кедей мемлекеттерден халықтың әрдайым таза ауыз суға қол жетімділігімен ерекшеленеді. Бұған қоса, халықтың көп бөлігі ауылдық жермен салыстырғанда гигиена деңгейі әлдеқайда жоғары саналатын қалаларда тұрады.