Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Елімізде зертхана қызметкерлерінің жалақысы өседі

Елімізде зертхана қызметкерлерінің жалақысы өседі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда еліміздегі екі ғылыми институтта биологиялық зертханалар бар. Енді ол зертханалардың материалдық-техникалық жағдайы, заманауи жабдықтар мен аппараттар, мамандардың оқытылуы тұрғысынан көңіл бөлінеді. Сонымен қатар осындай жоғары деңгейдегі зертханаларды салу жоспарлануда. Ол бүгін қабылданған заң аясында қарастырылады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар ол зертханалар Президенттің тікелей тапсырмасымен жасалғанын алға тартты. 

Биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасында қарастырылған 25 млрд теңге осы зертханалардың жағдайын жақсартуға, микроорганизмдер коллекциясын ұстау, диагностикалық әдістемелер, вакциналар, адамдар үшін ғана емес, жануарлар үшін де көптеген ауруларға қарсы препараттар әзірлеу, мамандарды оқыту үшін жұмсалатын болады. Тағы бір айта кетерлігі, зертханада жұмыс істейтін мамандардың жалақы мәселесі. Олар бастарын қатерге тіге отырып жұмыс істегенде, 80-100 мың арасында ғана жалақы алады. Олардың еңбекақысын көтеру мәселесін де қарастырамыз, – деді Ажар Ғиният.  



28 сәуір 2022 ж. 448 0