Еліміздің 4 өңірінде патогендік зертхана салынбақ

Мұндай ұсынысты «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын Мәжіліс депутаттарының алдында таныстырған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов көтерді.
«Заң жобасы аясында қолда бар зертханалық базаны қосымша жарақтандыруға және жетілдіруге (5,5 млрд. теңге), физикалық қорғанысты жетілдіруге (0,4 млрд. теңге), иммундық-биологиялық препараттарды GMP талаптары бойынша шығару жөніндегі ғимарат салуға (7,7 млрд теңге), сондай-ақ ШҚО, Түркістан, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында патогендігі II санаттағы микроорганизмдермен жұмысты жүзеге асыратын 4 зертхана салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге (0,3 млрд теңге) бюджеттен 14,4 млрд теңге жұмсау көзделген», - деді Ерлан Қиясов.
Оның айтуынша, биоқауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік ақпарат жүйе құру үшін 200 млн теңге керек. Ал микроорганизмдер коллекциясын ұстауға 400 млн теңге бөлу ұсынылып отыр.