Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай ғалымдарды маймылдың клонын жасағанын мəлімдеді

Қытай ғалымдарды маймылдың клонын жасағанын мəлімдеді


Қытайдың ғылым академиясының ғалымдар тобы клон жасаудағы жетістіктерін таныстырды. Олар макаканың екі бірдей көшірмесін жасады. Мамандардың зерттеуі Cell ғылыми журналына жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Генетиктер Долли есімді қой мен басқа да сүтқоректілерді клондаған әдісі арқылы маймылдың да екі көшірмесін жасады. Мұндай жағдай маймылдарға келгенде әсер етпеуі мүмкін деген болжам болған. Бірақ қытай биологтары маймылдарды клондаудың өз технологиясын әзірледі.
Бар әдісті жақсарту үшін ғалымдар екі жыл жұмыс істеді. Олар зерттеу барысында бірнеше рет қателесті. Бірінші клондары туылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң өліп қалған кездер де болды. Кейін олар екі мыңнан астам генді қоздыратын матрицалық РНҚ және трихостатин А-ны қосып, макакалардың өлім деңгейін төмендетуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, мамандар кейін эмбрион өндіріп шығара алатын ұрық жасушаларын ұрықтандыру имитациясы үшін токты пайдаланды.
Зерттеу авторларының айтуынша, енді адамды клондау үшін ешқандай кедергі жоқ.
«Маймылдарды, сондай-ақ адамдарды клондау үшін енді техникалық кедергі жоқ. Мұндай зерттеуге қатысты шектеу немесе қорқыныш бар екенін білеміз. Бірақ біз адамды емдеуге көмектесе алатын жануарлардың моделін жасағымыз келеді», - деді зерттеу авторларының бірі Му-Мин Поо (Mu-Ming Poo) National Geographic арнасында берген сұхбатында.
Бұған дейін де ғалымдар маймылдардың клонын жасаған. Бірақ ол кезде клон емес, бірдей жұмыртқалы егіздер туылды. Ал мына жағдайда макакалар бірдей және жақсы дамып жатыр. Олардың жасы - сегіз және алты апта. Қытай үкіметі биологтардың жобасын қолдады және болашақта да маймылдарды зерттеу үшін жағдай жасауға дайын.
Қытай ғалымдарының зерттеуі, ең алдымен, қатерлі ісікпен, иммунитеттің нашарлауы және басқа да генетикалық аурулармен күресу әдістерін жақсартуға арналады.
25 қаңтар 2018 ж. 2 231 0