Партиялық зерделеу жұмыстары жүргізілді
Партиялық зерделеу жұмыстары жүргізілді «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына енгізілген жобаларға облыстық Партиялық бақылау комиссия мүшелері зерделеу жүргізді.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласының Ж.Махамбетов ауылы мен Наурыз мөлтек ауданына ұзындығы 110,4 км газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстары 2021 жылы басталған, жобаның жалпы сметалық құны 5,6 млрд. теңгені құрайды. Бас мердігер «Алия сервис» ЖШС. Тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі, аяқталу мерзімі 2023 жыл.
Бүгінгі таңда, жер қазу жұмыстарына және құрылысы жүргізілетін газ құбырының бойындағы инженерлік желілер бойынша құзырлы мекемелермен («Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ, «Қазавтожол» АҚ, «ҚазСуШар» РМК) келісім алу жұмыстары жүргізілген.
Бұдан басқа, орташа қысымды газ құбыры толығымен аяқталып, жоғары қысымды газ құбыры – 12 000 м, төмен қысымды газ құбыры – 4 000 м газ құбыры жүргізілген.
Дегенмен, облыстық Партиялық бақылау комиссия мүшелері тарапынан жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына біршама ұсыныстар мен ескертпелер айтылды яғни, Ж.Махамбетов ауылындағы ішкі көшелердегі газ құбырын жүргізу барысында трубалардың астының тегіс болуы, екінші Шіркейлі каналынан жүріп жатқан су мөлшерінің көп болуынан жоғарғы қысымдағы газ трубасын өткізгенде біршама қиындықтар болуы мүмкін екендігі ескертілді.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен мамыр айының екінші онкүндігінде тиісті мемлекеттік органның және мердігер мекеме басшыларымен құрылыс барысын кеңейтілген отырыста қарау ұсынылды.

Жұмабек ЕМБЕРГЕНОВ,
аудандық мәслихат депутаты
аудандық мәслихат депутаты