Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада 6 мектепте оқу процесі үш ауысымда жүргізіледі

Қызылордада 6 мектепте оқу процесі үш ауысымда жүргізіледі

Қызылорда қаласындағы 6 мектепте оқу процесі үш ауысымда жүргізіледі. Бұл туралы Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Өңірде мектептердің тығыздық мәселесі салауатты білім берудегі өзекті проблема саналады. Облыстағы 12 мектепте тығыздық көрсеткіші нормадан жоғары болып отыр.

Санитариялық қағида талаптары бойынша әр сыныпта 25 баладан аспауы тиіс. Аталған мектептерде ол 30-35 оқушыны құрайды.

«Қызылорда қаласындағы 6 мектепте оқу процесі үш ауысымда жүргізіледі. Бұл санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын алаңдатып отыр. Мұндай жағдайда оқу қарапайым санитариялық-эпидемиологиялық талаптың, ылғалды жуып-шаю, ауа алмасу, карантин режимінің бұзылуына итермелейді. Салдарынан оларда жұқпалы және паразитарлық аурулардың топтасқан жағдайының таралу қаупі артады. 2021-2022 оқу жылында балалар арасында коронавирус инфекциясы көптеп тіркелді. Атап айтқанда, ол үш ауысымда білім беретін Абай атындағы мектеп-лицейде 9, №3 мектеп-лицейде 14, №101 мектепте 8, № 264 мектепте 7 жағдайды құрады. Сабақтың гигиеналық тұрғыдан рационалды, оңтайлы құрылымы оқушылар жүктемесінің азаюына, сәйкесінше жүрек-қантамыр жүйесінің функционалды қалпының бұзылмауына жол ашады. Ол аурушаңдықты азайтуға, сабақ үлгерімінің артуына оң әсерін тигізеді», – делінген департамент хабарламасында.
27 сәуір 2022 ж. 359 0