Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 38 газет

14 мамыр 2024 ж.

№ 37 газет

11 мамыр 2024 ж.

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Ел ағасы

Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толады. Осы орайда қанатты қос пырақ бейнеленген айбынды Елтаңбамыздың авторы Жандарбек Мәлібековке көрсетілер құр­мет­тің жөні бөлек. Айта кету керек, осы мерейлі жылда ол сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елтаңба авторын туған күнімен арнайы құт­тық­тады. Сонымен қатар Наурыз мерекесі қар­саңында Қазақстан Президенті Жандарбек Мәлі­бекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен мара­паттады.

Әдетте адам баласының өмірі жасаған жасымен емес, еліне сіңірген еңбегімен ғана өлшенеді. Ал ондай ерен ойлы, еңбекқор жанның бірі һәм бірегейі Жандарбек Мәлібекұлы десек, артық айтқандық болмас. Ол туысқан қазақ-өзбек халық­та­рына сүбелі үлесін қос­қан, екі елді тел еміп, тел сусындаған асыл азамат.

1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысының Жаңа­қор­ған ауданына қарасты «Ек­пін­ді» деген елді мекенде дүние­ге келген тау тұлға оныншы сы­ныпты тәмамдаған соң, Таш­кен­ттегі политехникалық инс­титуттың Архитектура факуль­те­тіне оқуға түседі. 1965 жылы оқуын ойдағыдай аяқтаған соң осы шаһарда қалып,  2001 жыл­ға дейін құрылыс саласында еселі еңбек етті. Сөйте жүріп еңбекқорлығының, зейіні мен зердесінің арқасында көз­ге түсті, көптің қошеметіне бө­ленді. Ташкенттегі Үкімет қо­нақүйі, Әндіжандағы әуежай, Самарқандағы облыстық әкім­ші­лік ғимараты, Фер­ға­на­да­ғы облыс­тық пошта, сондай-ақ Ангрен, Ферғана, Самарқан қала­ларында, өзге де елді мекен­дер­де зәулім-зәулім үй, түрлі ғи­мараттар тұрғызды. Ол аз десеңіз, Самарқанда өзбектің аса талантты ақыны Хамит Әлім­жан­ның академиялық драма театрын тұрғызу кезінде асқан талантымен айрықшаланды.

Төккен тер мен еткен еңбек назардан тыс қалған жоқ. Іл­кім­ді істері, жемісті жұмысы үшін Өзбекстанның Тұңғыш Пре­зиденті Ислам Кәрімовтің Жар­лығымен «Өзбекстан Рес­пуб­ликасына еңбегі сіңген архитектор» деген аса жоғары атақты иеленді. Алайда асқар тау азамат мұнымен шектеліп қалған жоқ. Атажұртқа деген аңсары, соны сүйіспеншілігі жүрек түбінде, көңіл төрінде тұрды. Ташкенттің құрылыс саласында еселі еңбек етіп жүр­геніне қарамай, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мемлекеттік Ел­таңбасын әзірлеу үшін арнайы жарияланған конкурсқа қатысты. Бұл жолы да жұлдызы жарқырап шыға келді. Бас-аяғы 293 үлгінің арасынан Жандарбек Мәлібекұлының төл туындысы үздік шығып, жеңіске жетті. Бұл еңбегі үшін ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұл марапат – асқан еңбек­қор, талғам-таразысы мол, өз ісінің білікті маманы Ж.Мәлі­бек­­ұлының бойындағы шал­қар шабыттың, шынайы ше­бер­­ліктің айқын бейнесі еді. Соған қарамастан, осы жеңісті өзбекстандық барша зиялы жұртшылық өз табысы ретінде бағалағаны бар. Себебі конкурсқа қатысудан үш күн бұрын Ж.Мәлібекұлы Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Нә­жімеден Есқалиевті, белгілі қо­ғам қайраткері Қаражан Әбілә­зи­мовті, Өзбекстан Рес­пуб­­­­ликасы Қазақ Ұлттық мә­де­ниет орталығының төрағасы Артықбай Үкіба­евт­ы, оның орынбасары Әбдуақап Дүл­дү­ловті және мені жұбай­ла­рымызбен үйіне дәмге ша­қыр­ды. Сонда ол: «Ар­дақ­ты достар, ағалар! Мына, Ел­таң­ба­ны өз қолыммен өрнек­те­дім. Сіздерді арнайы дәмге шақыруымның бірден-бір себебі – екі-үш күн ішінде конкурсқа қатысу үшін Алматыға жол жүрмекпін. Жол жүрмес бұрын сіздердің ақ тілектеріңізді естіп, ақ баталарыңызды алуға ниет­тен­дім», деді ағынан жарыла.

Одан әрі, өз қолымен өрнек­те­­ген Елтаң­баны көрсетіп, әрбір ою-өрнек­тің сыр-сипаты жай­лы мол мағлұмат берді. Сонда біз, аса қарапайым, кең пейілді, аз сөйлеп, көп тыңдай білетін Ж.Мәлібекұлының ой-өрісінің тереңдігіне, туысқан өзбек елін­де жүрсе де, қазақ халқының тари­хын, әдет-ғұрпын, салт-дәс­­түрін жетік білгендігіне та­ңыр­қап, таңғала түскен болатынбыз. Арада үш күн өткенде жоғарыда аты аталған аза­маттар Ж.Мәлібекұлына арнайы барып, көк қасқа көліктің маңдайына қондырылған Елтаң­ба­ның макетін көріп, оған сәт-сапар тіле­геніміз күні бүгінге де­йін есімізде.

Енді міне, айрықша азамат Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт То­қаев­тың қолынан І дәрежелі «Барыс» орденін алып, бізді тағы бір қуантты. Туысқан өзбек елінде 40 жылға жуық жасап, олардың тәлім-тәрбиесін алып, атпал азамат болып қалып­тас­қанын өз көзімізбен көріп, дән риза болғандықтан оның қол жеткен табыстарына біз де сүйсінеміз, қуанамыз. Бұған қоса, екі енені тел еміп, тең су­сындаған Ж.Мәлібекұлы сек­сеннің сеңгіріне шығып отыр. Оны мерейлі мерекесімен құт­тық­тай отырып, деніне сау­лық тілейміз. Сүйген жары Ақшайы­­мен бірге жасап, бала-ша­­ға­ның рахатын көрсін. Мәр­те­бесі биіктей берсін.

Қалдыбек СЕЙДАНОВ,
          профессор  
ТАШКЕНТ
25 наурыз 2022 ж. 258 0