Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі жиынға Мәжілістің 107 депутатының 103-і және Сенаттың 49 депутатының 47-сі қатысып отыр.

Парламентте өтіп жатқан іс-шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ.

Бірлескен отырысқа депутаттық корпуспен қатар, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып жатыр. Айта кетейік, 11 наурызда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалардың ж аңа бағдарламасын жариялайтындығы белгілі болды.

16 наурыз 2022 ж. 348 0