Мемлекет мәселесі мемлекеттік тілде айтылады
Мемлекет басшысының «Ұлттық арнаға» берген сұхбатында еліміз үшін маңызды кезеңнің басталғанын айтты. «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру жолындағы бастамалардың авторы ретінде еліміздің болашағы айқындалды.
Ел Президенті ең алдымен ана тілдің қадір-қасиеті туралы айтып, тілге ең алдымен өзіміз құрмет көрсетуіміз керектігін атады. Мемлекеттің мәселесі мемлекеттік тілде айтылатынын жеткізіп, тіліміз бізден басқа ешкімге керек еместігіне тоқталды. Шынында қазақ тілінің өміршеңдігі тек өзімізге байланысты. Сондықтан тілге деген құрмет елдігімізге деген құрметпен пара-пар.
Президент жыл басында болған қаңтар оқиғасына жан жақты талдау жасады. Тәуелсіз мемлекетімізде бірінші рет болған мұндай қасірет ендігі кезде болмауы үшін елдің әлеуметтік мәселелері алдыңғы кезекте шешілетінін алға тартты.
Бүгінгі қоғамдағы заң үстемідігін қамтамасыз ету ең басты мәселеге айналғаны сұхбат барысында айтылды. Өркениетті ел болуды көздеп, әділетті қоғам іздесек заң үстемдігі алдыңғы қатарда болуы заңды. Тәртіп болған жерде өмір сүруіміз жақсаратыны анық.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ,
халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ аудандық
филиал төрағасы