Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Президент неліктен бірінші орыс тілінде сұхбат бергенін түсіндірді

Президент неліктен бірінші орыс тілінде сұхбат бергенін түсіндірді

Мемлекет басшысы 29 қаңтарда «Хабар 24» арнасында көрсетілген сұхбаттың неліктен орыс тілінде жүргізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Бұл ешқандай да кемсітушілік немесе менсінбеушілік емес. Осыған дейін көптеген телеарна менен бірнеше рет сұхбат беруді сұраған болатын. Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын. Кейін тек «Хабар 24» арнасына ғана сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты, соларға тоқтау салу керек болды. Сол сұхбат орыс тілінде жасалды. Өйткені, Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпаратты, ең алдымен, әлем жұртшылығына беру керек еді. Содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатты кеңінен таратып, барынша пайдаланды. Оны өзіңіз білесіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінің бірі екенін айтты.

– Оны мойындауымыз керек. Ал, қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар. Жалпы, мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.
17 ақпан 2022 ж. 563 0