Ғапылдық
Кең, жазық сахарада жүріп келе жатқан бір саяхатшы жабайы бір хайуанға кездесті де, жанталаса қаша бастады. Бірақ қаншалықты тез жүгірсе де, кұтыла алмайтын болды. Сосын алдынан кездесе кеткен терең бір құдыққа еш ойланбастан секіріп түседі. Төменге қарай құлап бара жатып, құдықтың дуалында өсіп тұрған бір ағашты көреді де, ұстап калады. Бірақ ұстап тұрған ағаштың түбін бір қара, бір ақ екі тышқан үздіксіз кеміріп жатқан болатын.
Құдықтың түбіне қараса, аузын ашып, кұлауын күтіп түрған үлкен айдаһарды, одан басқа тағы, ұяларынан басын шығарып тұрған төрт жыланды көреді.
Жағдайдың қорқынышты әрі мүшкіл екендігін түсінген бейшара адам қорқып, қатты кайғыға батты. Кездесе кеткен бұл жағдайы кішкене бір немқұрайлылық көрсетуге де бір сәт те уақыт жоғалтуға да болмайтын еді. Тышқандар ағашты кеміріп бітірместен бұрын құдықтан шығып кету керек еді.
Бейшара адам басына төнген бұл қорқыныштың қиындығын ойлап тұрғанда, өзіне жақын қолы жететін жерде дуалда әдемі ара балын көрді, жегісі келіп ішінен: «Мұндай жерде мынау неткен әдемі бал! Жағдайым онша мәз емес, бірақ ең болмаса дәмін бір татып көрейін. Содан кейін уақыт жоғалтпай, жоғары шығармын»,- деп ойлайды.
Қолын созып, балдың дәмін татып, рахаттанып қалады да:
- Мұндай балды тағы қайдан табамын, мүмкіндігім барда тағы біраз жейін, - деді де, балдың ләззатына батып кетеді.
Осылайша ақыл-есінен айрылып, жан-тәнімен балға берілген бейшара өзінің қорқынышты, қиын жағдайын ұмытып, құтылудың жолын іздестірмейді. Түйеқұс қалай басын құмға тығып, айналасынан ешнәрсе көрмей ештеңе естімейтін болса, ол да дәл солай басын балға көміп қойып, басқа ешнәрсені көрмейтін болды.
Әрине, оның бұл селқостығы кеміріп жатқан тышқандарға, айдаһар мен жыландардың торауылдап жатуына ешқандай әсер етпеді. Ақыры, кемірілген ағаш құлады. Селқос жолаушы құдықтың түбіне құлап, шаруасы бітті. Біз де дүниенің алдамшы қызығына бой алдырып осылай істейтін болсақ, кұрдымға кетерімізге ешкім кепілдік бере алмайды.
www.gibrat.kz
Пікір 28