Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Аймақта 3982 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған

Аймақта 3982 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған

Қызылорда облысында 3982 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста жеке және заңды тұлғалар тарапынан карантин талаптарының сақталуы 167 мониторингтік топтардың тұрақты бақылауына алынған. Карантин талабын бұзудың басым көпшілігі қоғамдық тамақтану орындарында тіркелген. Онда қызметкерлердің келушілерге қорғаныш құралынсыз қызмет көрсетуі, шекті уақыттан асырып жұмыс жасау деректері байқалған. Сондай-ақ, үй жағдайында шектен тыс адам жинай отырып, мерекелік іс-шаралардың өткізілуі көрініс беруде.

«Облыс бойынша 3982 нысан «Ashyq» жүйесіне енгізілген. Жыл басынан бері 50 тұлға карантинде оқшаулану тәртібін бұзған. Оның ішінде «қызыл» мәртебеге ие адамдар - 48, «сары» мәртебеге ие адамдар - 2. «Қызыл» мәртебегі 1 жеке тұлғаға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынса, «сары» мәртедегі 2 тұлғаға карантин талаптарын сақтау қажеттілігі туралы қаулы берілді», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Ведомство мәліметінше, былтыр 805 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, ол бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес айыппұл салынды. Биыл жыл басынан бері барлығы 48 рейд жүргізіліп, 196 нысан қамтылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында «Ashyq» жобасына қосылған нысандар жұмысына шектеулер алынып тасталды.
31 қаңтар 2022 ж. 80 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам