Байлықтың 8 құпиясы
Кім-кімнің де "шіріген" бай болмаса да, жақсы өмір сүргісі келеді. Қалау бар, бірақ әрекет жоқ. "Алма піс, аузыма түске" салынып кеткендейміз. Бұл дұрыс емес. Алға жылжу қажет. Алғашқы қадам жасағыңыз келсе, төмендегі байлыққа жетер жолдағы құпияларға үңіліп көріңізші.
1. Сәттілік үшін ең ыңғайлы уақыт
Байлық жинап, сәтті адам болып, тез өзгеру үшін қазірден асқан жақсы уақыт жоқ. Сіздің осы шақтағы жағдайыңыз болашақта қандай болатындығыңызды анықтайды.
2. Алысқа көз жүгіртіңіз
Бір затты сатып аларда оның ұзақ уақыт бойы іске асуын бақылаңыз. Яғни, қанша ақша жұмсайтыныңызды емес, оның болашақта қалай пайдаға асатындығына назар аудару керек.
3. Ақшаға теріс қабақ таныту.
Көптеген адамдар ақшаға екі түрлі қарама-қарсы эмоция танытады – махаббат пен жек көрушілік. Жақсы көреді, себебі ақша арқылы армандағы заттарға қол жеткізіп, одан ләззат алуға болады. Жек көреді, себебі ешқашан жетпейді, ақша бүкіл өмірін бақылауға алғандай сезінеді. Бәрібір онсыз өмір сүре алмаймыз. Ақша жоқ болса, қарызға, несиеге алуға асығамыз. Эмоцияның айдауына бағынбаңыз, қалаған заттарға қол соза беруді доғарыңыз және кредиттік карталардан бас тартыңыз.
4. Дұрыс бағдарлама жасамау
Баз біреулер ақшаны үлкен құндылық санайды. Олай емес. Ақша – бұл жай ғана қағаз. "Миллион доллардың болғанын қалаймын!" деген мақсат қойсаңыз – оның мән-мағынасының жоқ екендігін біліп қойыңыз. Шыны мәнінде, сіз бір бума қағазды қалап тұрсыз. Мақсатты ақшамен байланыстырып қоймаңыз. Сіз бай деп ойлайтын адамдарға қараңызшы, олар өздерінің байлығын ақша деп санамайды.
5. Ой дұрыстығы...
Сіздің айналаңыздағылардың ақшаға деген көзқарасы басқа болса, ақшаны зұлым және адамдарды құртады деп ойласаңыз, дереу бәрін де өзгерту керек.
6. Баға Біз ескере бермейтін ең зиянды әдеттердің бірі – дүкендерден, базардан өте көп тауар сатып алуымыз. Отыз күн жинағанымызды, бір күнде шашып жібереміз. Сол себептен, керек-жарақты сатып алмас бұрын, арнайы жоспар құрып алыңыз.
7. Бай адамдар ақшаны қазынасына қоспайды.
Бай адамдардың меншікті активтері бар, ал кедейлерде қарыз, несие және міндеттер. Соңғылардан құтылғанда ғана байлыққа деген жол ашылады.
8. Ақша тауып жүріп оқыңыз.
Білім мен оқу – ең басты құндылық. Ақшаңызды білімге, тәжірибеге жұмсаңыз. Алдағы уақытта онан да көп ақша табатын боласыз. Бизнесті меңгеруді, тілді, басқа да қосымшаларды үйреніңіз. Сіз адамдарға емес, адамдар сізге қызмет етуі керек.
Пікір 1