Машиналық интеллектті дамытуды армандаймын
Шалғайда жүр бір түлек... Сырда туып, дария суынан нәр алған, тағдыр айдап туған жерден жырақта елге қызмет қылып жүрген азаматтар бар. Шағын аудан мен ауыл мектептерінен білім алып, бүгінде жер-жерде, алып шаһарларда биік белестерді бағындырып жүрген жерлестеріміздің мерейін арттырып, «Шалғайда жүрген бір түлек» айдары арқылы ақпараттандырып жүргеніміз көзі қырағы оқырманға мәлім.Кез келген мектепте төменгі сынып оқушыларына жоғарғы сыныптың озаттарын үлгі ету – талпыныс туғызудың таптырмас жолы. Бізден үш сынып жоғары оқыған Бексұлтанды мектеп кезінен танитынмын. Математика, орыс тілі пәндерін сүйіп оқып, көзге түскен аға буын кейінгілерге ұдайы қолдауын көрсетіп, көмектесіп жүретін. Бүгінгі кейіпкеріміз – №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы мектептің түлегі, қазір Алматы қаласындағы «Жусан банкінде» ақпараттық жүйелер бөлімінің бастығы болып қызмет атқаратын Бексұлтан Темірбеков.
– Бексұлтан Темірбекұлы, алдымен өзіңізді оқырманға таныстырып алсақ. Балалық шағыңыз қайда, қалай өтті?
– Кіндік қаным Тереңөзек кентінде тамды. Сыр елі – жыр елі атанған Сырдария ауданында балалық шағым өтті. Ауыл десе, достарыммен күнге күйіп, суға шомылып, балық аулайтын тәтті бір шақтар еске оралады. Бала күнімнен спортпен айналысып, түрлі жарыстарға да қатыстым. Сабақ пен спортты қатар алып жүретінмін. Түске дейін – мектепке, түстен кейін – спорт залға.
Ал оқуға деген қызығушылығым мектепке дейін басталды. Ата-анамның үйретуімен әріп таныдым. Қызығушылығым сондай, түсінбесем де орыс тіліндегі газет-журналдарды оқитынмын. Әкемнің айтуынша, бірінші сыныпқа А.Пушкиннің «У лукоморья дуб зелёный» шығармасын жаттап барыппын.
2001 жылы аудан орталығындағы білімнің қара шаңырағы Оспан Әбілпаттаев атын иеленген мектепке қадам бастым. Тарыдай болып енген мектептен өніп-өсіп, үлкен өмірге жолдама алдым. Менің өмірімдегі ең бір қызықты әрі маңызды кезеңдерде білім мен ілім үйретіп, үлкен өмірге аяқтандырған ұстаздарыма үлкен алғысымды білдіргім келеді.
– Қара шаңырақ, ұлағатты ұстаздар мәртебесін арттырып, мерейін көтерген өзіңіздей шәкірттерімен ұдайы мақтанады. Мұғалім мәртебесі оқушысының жемісін көру болса, бүгінгі Бексұлтан ұстаздардың үкілі үмітін ақтады деуге негіз бар. Толықтыра өтсеңіз, қазір қайда, қай саладасыз?
– Мектеп бітірген соң Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түстім. Еліміздегі жетекші жоғары оқу орны саналатын университетте ІТ мамандығы бойынша бакалавр және магистратура бөлімдерін тәмамдадым. Қазір Алматы қаласында IT саласында жұмыс атқарамын. Нақтырақ айтсам, «Жусан банкінде» ақпараттық жүйелер бөлімінің басшысы лауазымындамын. Қазір әлем түгел техникаландырылған заман ғой. Осы ретте біз күрделі, автоматтандырылған жүйелер жасаймыз.
– Алматыны таңдауға не себеп болды?
– Біз мектеп бітірер жылдары ең үздік оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды. Аталған университет қазір де еліміздегі жетекші оқу орны. Сондықтан болар, осында оқуға түсуді мақсат еттім. Бір жағынан, Алматы өзіндік атмосферасы бар, нағыз жастарға арналған қала. «Армандар орындалады» деген. 2012 жылы бір сыныптасыммен «Келесі жылы Алматыда кездесеміз деп» өзара «келіскенбіз». «Адамның айтқаны ма, тағдырға жазғаны ма» дейді ғой. «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді» деген және бар.
– Неліктен ақпараттық технологиялар саласын таңдадыңыз?
– Біріншіден, IT саласында жұмыс жасау деген – «күрделі мәселелерді шешу» дегенді білдіреді. Маған ойлау, проблемаларды шешу, сондай-ақ адамдарға пайдалы нәрсе жасау ұнайды. Бүгінде қай саланы алып қарамасаңыз да, барлығы технологияға негізделген. Адамдарға көшеге шығып не кезекте тұрып жұмыс жасағаннан, арнайы бағдарламалар арқылы кез келген мәселені шешкен қолайлы. Заман дамып жатыр. Ақпараттық технологиялар саласына деген сұраныс күн санап артуда. Бағдарламалау бизнесте, ғылымда, денсаулық сақтауда, өндірісте, яғни барлық жерде қажет. Өзім нейрондық желілерді құруға және машиналық интеллектті дамытуға қатты қызығамын.
Екіншіден, бұл салада қызмет етушілерге жақсы жағдай қарастырылған.
– Аталған салаға деген қызығушылық қалай пайда болды?
– Негізінен, бала кезде биік ғимараттар салып, архитектор болуды армандадым. Сурет салғанды ұнататынмын. Уақыт өте келе суретті қолмен ғана емес, компьютер арқылы да салуға болатынын білдім.
«Google», «Facebook» секілді әлемнің алып компанияларының құрылу және даму тарихын оқып, қызығушылық таныттым. Бұл өзіме үлкен мотивация болды. Мен де сондай бір маңызды дүние ойлап тауып, адамдардың барлығы қолданатын жүйе жасағым келді. Содан қызығушылық оянды.
Адам әрекетінсіз компьютер жай ғана темір екені анық, бірақ қазіргі заманда адам да компьютерсіз өмір сүре алмайды десек болады. Ал адам мен техника бірлесе жұмыс жасаса, керемет нәрселер тудыруға болады. Мен үшін бағдарламалау жұмысы – суретшінің сурет салуымен ұқсас сияқты. Екеуіне де шығармашылық және креативтілік керек.
– «Математика – қиын ғылым» деген түсінік бар. Аталған саланың қандай қызық және қиын тұстары бар?
– Есеп-қисап – өте қиын. Ең қиын тұсы – үздіксіз оқу. Ақпараттық технологиялар бір орында тұрмай, қарқынды дамып келеді, үнемі жаңа нәрсе пайда болады. Әрдайым күрделі алгоритмдерді үйреніп, ағылшын тілінде кітаптар мен құжаттарды оқу қажет болады.
Бұл бір жағынан, өте қызық. Себебі, жаңа нәрсе үйренген сайын өсесің.
– Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз?
– Әкем – Темірбек Жүнісов, анам – Алтынай Ілиясова. Кез келген адамның өмірге келіп, адам болып қалыптасуында ата-анасының орны мен ықпалы орасан. Бүгінде үлкен азамат болып, аяққа тұрсақ, бәрі осы кісілердің арқасы.
Үш әпкем бар. Жалпы әулетімізде барлығымыз – №210 мектеп түлектеріміз. Әпкелерім мектепті үздік оқыған. Қазіргі кезде әрқайссы бір-бір саланың білікті мамандары. Бірі білім беру саласын таңдап, ұстаздық ұлы жолды серік етсе, екі әпкем медицина саласында абыройлы еңбек етіп келеді. Кішкентай кезімде анам менің де дәрігер болуымды қалаған. Бірақ мен өзімді басқа жолда көретінмін.
– Ер адам – түздікі дейміз ғой. Десек те, ата-анаңыз, туыстарыңыз ауылда. Жақындарыңыздан жырақта жүру қиындық туғызбады ма?
– Иә, туған туысым, ата-анам ауылда. Былай аса қиындық туғызды деп айта алмаймын. Бала кезімде спортпен айналысып, алыс қалаларға жарыстарға жиі баратынмын. Сондықтан болар, туған үйімнен жырақта жүруге тез үйреніп кеттім.
– Қызметтегі жеткен жетістік пен марапаттарыңыз туралы айтып өтсеңіз?
– 2017 жылы Португалиядағы «Universidade do Porto» оқу орнынан «Үздік» деген белгімен тағылымдамадан өттім. Қызмет барысында бірнеше рет «Жылдың үздік жұмысшысы» деген марапатқа ие болдым. Адал еңбектің нәтижесінде бүгінде жетекші лауазымдардың бірін иеленіп, басшылық қызметтемін. Бұл былайғы жетістік. Ал өмірдегі нағыз жетістік деген – ата-ананың разылығын алып, өмірден өз орныңды табу деп білемін.
– Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
– Ертеңгі күн бүгіннен басталады.
– Мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы отырған, аудандағы жас буын іні-қарындастарыңызға не айтар едіңіз?
– Ең алдымен, өмірде өз орныңды табуды мақсат ет. Күн сайын жаңа нәрсені білуге дағдылан. Қателесуден қорықпа. Ағылшын тілін оқы дер едім.
– Алдағы жоспарларыңыз қандай? Туған жерге ту тігіп, ауданға қызмет ету ойда бар ма?
– Шетелден жұмыс туралы ұсыныстар түсіп жатады. Алайда, ойым Қазақстандағы IT саласын дамыту. Қазіргі таңда өз жеке кәсібімді бастап жатырмын. Соны жетілдіру мақсаттарымның бірі.
Туған жерге қайта оралу дәл қазіргі уақытта ойда жоқ. Бірақ, алдағы уақытта не боларын кім біледі...
– Иә, «Кешегі күн – тарих. Ертеңгі күн – жұмбақ» деген. Ең бастысы, қайда жүрсеңіз де, қай салада болсаңыз да, туған жердің туын биік ету маңызды. Қара шаңырақ өзіңіздей шәкірттерін мақтан тұтады. Қарбалас тіршіліктен бір сәт уақыт бөліп, кейінгі буынға үлгі болар әдемі әңгіме құрғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сұхбаттасқан
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ