Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз ескере бермейтін этикет ережелері

Біз ескере бермейтін этикет ережелері

Біз бәріміз тамақтану барысында пышақ оң қолда, ал шанышқы сол қолда болуы керек екенін жақсы білеміз, бірақ этикет ережелері мұнымен шектелмейді. Оның кейде біз кейде ұмытып кетіп жататын пункттері де бар. Бұл жайында massaget.kz жазады.

Қолшатырыңызды дұрыс құрғатыңыз


Жаңбыр жауған күндері бірен-саран болмаса, көбі қолшатырмен жүреді. Және ғимаратқа кіргенде оны ашып қояды. Иә, шынында да, ол мұндай қалыпта жылдам кебеді, бірақ этикет ережелеріне сәйкес мұндай әрекет мүлдем дұрыс емес. Неліктен? Мұның себебі сіз ойлағаннан да қарапайым: егер сіз кеңседе немесе кез келген басқа қоғамдық орында қолшатырыңызды ашсаңыз, басқалар да солай жасайды, демек қолшатырлар бүкіл кеңістікті толтырады және мұндай жерде қозғалу өте қиынға соғады. Сондықтан қолшатыр бүктелген болуы керек (бірақ ораудың қажеті жоқ, әйтпесе біраз уақытқа дейін жағымсыз иіс шығып тұруы мүмкін).

Едендегі сөмке

Еуропалық бикештер сөмкелерін еденге қояды. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі біз секілді сөмкені ұстап отыру этикет ережелерінен хабарсыз екенімізді білдіреді.  Оны жерге қойғыңыз келмесе жаныңыздағы орындықтың арқасына іліп қоюға болады. Ал еденде тұрса, мүлдем ешкімге кедергі жасамайды.

Ер адам әйелдің сол жағында


Көшедегі этикет ережелері бойынша ер адам әрқашан әйелдің сол жағында жүруі керек. Бұл әдет-ғұрыптың өзіндік тарихы бар: бірнеше ғасыр бұрын ер адам үйден қарусыз шыға алмайтын, әдетте, джентльменнің белбеуіне бекітілген қылыш, қанжар немесе өзге қару болады. Ал ер адам әйелдің сол жағында жүру арқылы қарудың нәзік жанды үшін қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді.

Үстел үстіндегі телефон

Егер достарыңызбен кездесу немесе іскерлік түскі ас кезінде телефоныңыз көз алдыңызда жатсын деп үстел үстіне қойсаңыз, сонымен қатар оны үнемі қолыңызға алып тексере берсеңіз, онда сіз телефонға қатысты этикет ережесін сақтамадыңыз деген сөз.

Осылайша сіз байланыс құрылғысының сіздің өміріңізде қаншалықты маңызды екенін және алдыңыздағы адамдарға қаншалықты немқұрайлы екеніңізді көрсетесіз.

Мейрамханадағы тапсырысты төлеу

Көптеген әйелдер мейрамханадағы астың ақысын ер адам төлеуі керек десе де, оның өз нюанстары бар. Мәселен, егер сіз ер адамды «Мен шақырамын» деген нақты сөзбен мейрамханаға шақырсаңыз, осылайша сіз өзіңіз үшін ғана емес, шақырылған адам үшін де төлеуге дайын екеніңізді растайсыз. Іскерлік түскі ас (кешкі ас / таңғы ас) үшін де солай: егер әйел серіктесін мейрамханаға шақырса, өзі төлейді.
26 желтоқсан 2021 ж. 233 0