Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Нәскимен ұйықтау денсаулыққа пайдалы

Нәскимен ұйықтау денсаулыққа пайдалы

Нәски киіп ұйықтау денсаулыққа пайдалы. Әсіресе, ұйқыда жатқан адамның қан айналымын жақсартып, ағзаның қалыпқа келуіне оңтайлы әсер етеді. Мұны британ дәрігерлері айтады, деп жазады massaget.kz.

Мәселен, Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мүшесі, ағылшын дәрігері Каран Радждың айтуынша, нәски киіп ұйықтаған адам табандағы қан тамырлары кеңейіп, ағзасында қан айналымы жақсы жүреді. Содан дене температурасы жылынып, ұйқының сапалы болуына әсер етеді.

Тағы бір қызығы – қан тамыры кеңейген кезде, ағзаның ішкі температурасы түсетін көрінеді.

"Ал адам жақсы ұйықтауы үшін ағзаның ішкі температурасы қалыпты деңгейге түсіп, артық ыстықты шығарып тастауы тиіс", - деп түсіндіреді Каран Радж.

Ал жақсы ұйықтаған адамның ағзасы жақсы жұмыс істейтіні белгілі. Жасушалар жаңарып, ми жұмысының жақсаруына әкеледі. Иммунитеті күшейеді. Жақсы ұйқы қарттықтың алдын алады.

Дәрігердің айтуынша, нәски не шұлықтың барынша үлкендеу болғаны жөн. Аяқты қысып тұрмағаны абзал. Тар нәски қан айналымын керісінше қиындатып жібереді.
20 желтоқсан 2021 ж. 504 0