Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоңғақсыз ба?

Тоңғақсыз ба?

Айналаңыздағылар футболкамен жүргенде, сіз жемпір киіп аласыз ба? Кеңседегі сізге таныс шешілмейтін мәселенің бірі – терезені ашу немесе жабу болса, уайымдамаңыз, сіз жалғыз емессіз!

Дене температурасы біздің ағзаларымыздан, бұлшықет пен терімізден миға келетін белгілерге байланысты болады. Ол қолайлы дене температурасын орнату үшін алған ақпараттарды біріктіреді. Сондықтан, егер тері температурасы төмендей бастаса, сіз автоматты түрде тоңа бастайсыз.

Орегон университетінің профессоры Кристофер Минсон ми мен дене қалай байланысатыны және түрлі температураға қалай бейімделетіндігін түсіну үшін көпжылдық зерттеу жүргізген. Оның айтуынша, сіздің "тоңу" деңгейіңіз дененің бұлшықет массасымен тікелей байланысты. Бұлшықет массасы қаншалықты аз (жиі өте нәзік әйелдер мен жасы ұлғайған адамдарда) болса, әдетте, сол адам соншалықты жылдам тоңады және қалың киім киіп жүруге бейім болады. Сонымен қатар, дене температурасы орташадан төмен болуы міндетті емес, тоңу себебіңіз – ағза әрдайым жылуды ұстап тұру үшін қарқынды жұмыс істеуге мәжбүр.

Тоңғақтықпен күресуге болады

Табиғи жылулық сезімін алдауға, нақтырақ айтсақ, үйретуге болады. Әрдайым тоңу сезімінен құтылудың ең керемет әдісі – бұлшықет массасын арттыру. Ол өз кезегінде ағзаның зат алмасуын арттырады. Әрине, бұл бодибилдерлердің деңгейіне жету керек деген сөз емес. Денені жаттықтыру тек тоңу сезімінен құтылуға ғана емес, жалпы денсаулыққа және дене сымбаттылығына пайдалы екенін ұмытпаңыз.

Тоңғақтықтан құтылудың тағы бір шешімі – суықпен достасу. Мысалы, контрастты душ қабылдау. Доктор Минсон 10-15 секундтан бастауды ұсынады, содан соң суық аралықты аз-аздан көбейтуге тырысу керек.

Жеңіл суықты сезіну қалыпты болып табылады. Бірақ, кей жағдайда медициналық тексерістен өткен жөн. Мысалы, үздіксіз шаршау, мотивацияның төмендігі және суықты сезу қалқанша без мәселесіне қатысты болуы мүмкін.

massaget.kz


10 желтоқсан 2018 ж. 847 2

Гость JeaOrer от 26 ақпан 2019 23:31
Viagra Acquisto In Farmacia Propecia Front Hairline Fish Flex Cephalexin viagra prescription Generic Cash On Delivery Doryx Best Website Online Store Hydrochlorothiazide Congestive Heart Failure Cephalexin For Dogs Non Perscription

Гость JeaOrer от 15 наурыз 2019 12:13
Viagra A L Unite Acheter Dapoxetine En Ligne Propecia Shed viagra online prescription Amoxicillin Stomach Pain Children