Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустың басты тасымалдаушысы кімдер?

Коронавирустың басты тасымалдаушысы кімдер?

Коронавирустың басты тасымалдаушылары – екпе алмаған адамдар. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы мәлімдеді.

"Біз вакцина салуға құқығы бар адамдарды осы мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз. Бұл 60 жастан асқан адамдар мен иммундық жүйесі әлсіз жандар үшін өте маңызды", - деді ұйым өкілдері.

Ғалымдардың айтуынша, профилактикалық шаралардың көпшілігі вирус алдында тиімсіз. Мәселен, маска тағу және бөлме ауасын тазарту маңызды болғанымен, бұл шараларды өзге әдістермен қатар қолданғанда, пайдасы еселене түседі.

Вирус жұқтыру қауіпін төмендететін әдіс – әлеуметтік қашықтықты және гигиена ережелерін сақтау, ауырған адамдарды бақылау және оқшаулау.

ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, пандемия уақытында 258 млн коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген. 5,1 млн адам COVID-19 құрбаны болды.

Вакцина – вирустан қорғанудың ең тиімді жолы.

26 қараша 2021 ж. 231 0