Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңге-мемлекет келбеті

Теңге-мемлекет келбеті

15 қараша – ұлттық валюта күні. Ең алғашқы қазақ теңгесі 1993 жылы 15 қарашада қолданысқа енгізілді. 1991 жылы Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлі, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов және Хафролла Ғабжәлел тобынан құралған мамандар ұлттық валютамыздың дизайнын әзірлеуге кіріскен болатын. Ал Айрат Исмамбетов пен Виктор Ивженкоға тиынның дизайнын жасау тапсырылды.

28 жылдан бері ақшаның дизайны бірқатар өзгеріске ұшырады. Ең алғашқы қағаз ақшаларда тарихи тұлғаларымыз бейнеленген. Атап айтар болсақ Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Шоқан Уәлиханов және т.б. Теңгенің таралымы Ұлыбританияда басылды. Осылайша «теңге» нағыз өнер туындысына айналып, ол көптеген халықаралық марапаттарға ие болды.

«Алғашқыда пайдаланып келген кеңестік ақша-рубльді қолдана бергіміз келген, алайда Ресей 15 одақтас республикалардың өз ақшасы болсын деген талап қойды. Және ұлттық валютаның дайындалуы аса құпия түрде болған» дейді халықаралық мамандар.

Теңге атауы Алтын Орда тұсында қолданыла бастады. Жібек жолы бойында пени, дирхем, динар т.б. металл ақша түрлері тарады. Мұндағы дирхем күмістен, ал динар алтыннан жасалған. Қазақстанның елді мекендеріндегі ақша айналымы негізінен Темір мен Шайбани әулеттері кезінде шығарылған мыс ақшалары арқылы қамтамасыз етілген. XVI ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Иасының (Түркістан) күміс теңгелері және XVI соңы мен XVII ғасырдың басында Қазақ хандығының атымен өрнектелген мыс теңгелер Қазақстан жерінде және Орта Азияда кеңінен қолданылды. Бұл халықты біріктіруде үлкен міндет атқарды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне:
1.Құн өлшемі мен баға масштабы;
2.Айырбас құралы;
3.Төлем құралы;
4.Қорлану юәне қор жинау құралы;
5.Дүниежүзілік ақша жатады.

Қазіргі таңда қолма-қолсыз яғни, электронды ақшалар кеңінен тарап жатыр. Мұндағы электронды ақшалар-чектер, пластикалық карточкалар, электронды аударымдар көмегімен шоттарда сақталған ақшалары. Пластикалық карточка екі түрлі болады:
1.Төлем жасауға арналған карточка - тауарлар мен қызмет үшін төлеуге және банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға ареалған төлем құралы.
2.Кредиттік карточка - несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға не болмаса қолма-қол ақша алуға арналған.

Теңге – біздің дербес мемлекет болғанымыздың белгісі. Ұлттық валюта – еліміздің әлемдік деңгейге көтерілуінің бірден-бір себебі. Басқаның валютасына тәуелді болу – бар байлығыңды біреудің қолына ұстату деген сөз. Сондықтан теңгеміздің құны да, сыры да түспесін.

Нұрай Серікбаева,
№135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектеп
11-сынып оқушысы.
15 қараша 2021 ж. 958 0