Аида Әбікеева бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді.
Алғашқы екі раунд өзбек қызының пайдасына аяқталды. Дегенмен Аида үшінші раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды. Нәтижесінде екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстанның қоржынында төрт алтын медаль бар.
Фото: Ашық дереккөзден