Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз «Осим хаиміңді» жаса

Өз «Осим хаиміңді» жаса

«Қазір немен айналысып жүрсіз?» деген сұраққа «Осим хаим» деп жауап беруге болатынын отыз жастан асқанда білдім. Мағынасы «Өмірден ләззат алып жүрмін» дегенге саяды.

Мұндай тіркесті бірінші рет Израильде естідім. Тура аудармасы: «Өмірді жасап жүрмін».

Қалалық кафе. Түс әлеті. Көрші үстелге егде жастағы жұп жайғасыпты.

Ескі таныстар немесе достар. Әңгімелері емін-еркін. Әзілдесіп қояды. Кофе ішіп отыр.

Кенет телефон безектеп қоя берді. Арғы жағындағы дауыс: «Не істеп жатырсың?». Ол: «Осим хаим».


Мағынасы: «Өмірден ләззат алып».


Проблеманы шешіп емес, ақша тауып емес, сұрақтарға жауап іздеп емес, мақсат қойып және оған ұмтылып та емес!

Жәй ғана өмірдің рахатына бөленіп жүр.
Бұл сөз мені сиқырлап алған сияқты. Мен де сол «осимді» үйренгім келді.

Бірінші сабақты зоодүкен егесінен алдым. Иттің тамағы үшін бірде оған бардым. Дүкен ашық екен. Ұйқысы шала екені көрініп тұр. Заттарды орын-орнына асықпай қойды. Әдеттегі қалпыммен іздегенім тез арада керек екенін айттым.


 Ол тордағы қоянды алып, қолыма ұстатты. Осы кезде «осим хаимді» түсінгендей болдым. Уақыт тоқтап қалғандай.


 Жануардың жылы жұмсақ жүнін сағаттап тарағың келеді екен. Сатушының жайбарақат жүрісіне де сонша қарағың келеді.


Одан кейін де ой түйерлік біраз жәйт болды. Осим хаимнің не екенін сонда ғана түсіндім: «Өмірден дәл қазір және осы жерде ләззат ал!»

Байлық қандай ішік кигенің, қандай көлік тізгіндегенің, қандай телефон ұстағаның емес.

Байлық — ата-анаңның көз алдыңда жүруі, балаларыңның денінің сау болуы, достардың сенімділігі, сүйікті адамыңа арқа сүйеуің.

Егер сіз көре, жүре, сөйлей, сүйе алсаңыз, әр таңда оянсаңыз, бақыттысыз!

Өмірге өкпелемей тұрып, одан ерте өткендерді еске ал.


Сүйікті адамыңның үстінен шағымданбас бұрын қаншама қыз тұрмысқа шығуды армандап жүргенін біл.

«Балалар тіл алмайды» демей тұрып кейбіреудердің сәбиге зар болып жүргенін ойла.

Қолда барды бағала!

Өз «Осим хаиміңді» жаса


Евгения Шустикова
Аударған: Назерке Саниязова

14 қараша 2021 ж. 293 0