Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қызыл кітапқа" енетін қыз

«Қызыл кітапқа" енетін қыз


Белгісіз номерден соғылған қоңырауға Алуа жауап беруде. Арғы жағында құлаққа жағымды дауыспен бір жігіт сөйлеп жатыр:
— Cәлем сұлуым! Қалайсың?!
— Сәлем! Бұл кім екен?! Біз таныспыз ба?!
— Сен мені танымайсың. Есесіне, мен сені танимын. Көптен бері сырттай ұнатып жүрмін. Менің үйім бар, көлігім бар. Танысуға қалай қарайсың?!
— Кешіріңіз, екеуміздің әр сөзіміз тыңдалып, жазылып жатыр. Мен сізбен таныса алмаймын.
— Рас па?! Кім тыңдап тұр екен? Университетің тыңшылықпен айналысып жүр ме?
— Жоқ!
— Әлде, милиция тыңдап тұр ма?!
— Жоқ!
— Мүмкін, әкең тыңдап тұрған шығар?!
— Жоқ! Иығымда отырған Періште әр сөзімді бақылап, жазып отыр! Қиямет күні әр сөзім үшін Жаратушы Аллама есеп беремін.
…Үнсіздік. Телефон тұтқасы қойылды. Телефон шалған жігіт — Алуаның жігіті Айдар еді. Ол Алуаны сынап көргісі келді. Өз сүйіктісінің адалдығына тәнті болған жігіт, өз қылығына қатты ұялды. Бұндай қыздар жоқ шығар бізде! Бар болса да мыңнан бірі, әлде миллионнан бірі ма екен? Не де болса Алланың салған тура жолынан таймай, адаспай жүрейікші...
17 сәуір 2018 ж. 2 391 0