Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Адал ұрпақ» слеті өтті

«Адал ұрпақ» слеті өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» атты тақырыпта «Адал ұрпақ» еріктілер клубының слетін ұйымдастырды.

Сыр өңірінде - Ел болашағы адал ұрпақты тәрбиелеуде арнайы бағыттар бойынша түрлі форматта тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып, жастар арасында парасаттылық қағидаларының қалыптасуына ықпал жасалынуда.

Аталған іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Ғ. Әлімқұлова, облыстық білім басқармасы өкілдері, «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж. Тұсмағамбетов, «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері, жас өнерпаздар - қатысты.

Шара барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының 2020-2021 оқу жылдарында атқарылған жұмыстарының қорытындылары тыңдалып, «Адал еңбек - жарқын өмір бейнесі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында театрландырылған қойылым мен «Жаңғырған Қазақстан адал ұрпақ көзімен» тақырыбында флеш-моб көрсетілді.

Департамент басшысының орынбасары Ғ. Әлімқұлова мен Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы А. Қасымова - «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық қауымдастығына қабылданған мүшелердің антын қабылдап, төсбелгілері тақты.

Сонымен қатар, слет соңында «Жас қылқалам шебері» номинациясы бойынша «Адал еңбек - жарқын өмір бейнесі» тақырыбында өткізілген сурет байқауының жеңімпаздарын, үздік «Адал ұрпақ» ерікті клуб ұйым иегерлерін құттықтап, марапаттап, марапат иегерлерімен естелік суреттерге түсті.
31 қазан 2021 ж. 1 092 0