Құтқарушылар құрметке бөленді

Мерекелік іс-шара Қазастан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды. Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай Сырдария аудандық №12 өрт сөндіру бөлімінің зейнеткерлері мен қызметкерлерін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
– Елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйе қалыптасты. Осындай жауапкершілігі мол іске Сіздердің қосқан сүбелі үлестеріңіз зор. Сырдария ауданының азаматтық қорғаныс саласындағы қажырлы еңбектеріңіз айрықша құрметке лайық. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, бақ-береке тілеймін, – деді Ғалымжан Бақтығалиұлы.
Аудан әкімінің арнайы «Алғыс хатына» сала зейнеткерлері С.Каримов, М.Шағыров, Ә.Әубәкіров, Ж.Ысмайл және №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері М.Есмағанбетов, А.Сәндібекұлы, А.Әлібек, А.Дербісәліұлы, З.Ахметова, Б.Әмзеев, Б.Халдановтар ие болды.
Ал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрбол Сағынұлы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Қ.Қуандықов, М.Нұрғалиев, Т.Кұламқадіров және Р.Беркімбаевтарды міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департамент бастығының «Алғыс хатымен» марапаттап, азаматтық қорғау саласы қызметкерлеріне алдағы уақытта да адам өмірі мен қоғам мүлкін сақтау жолында барлық күш-жігерін жұмсай береді деген сенімін білдірді.
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ