СМАРТФОН НЕ СЕБЕПТІ ЖАРЫЛАДЫ?
Сандық сараптау орталығының мамандары ноутбук пен смартфондардағы батарея жарылыстарының негізгі себептерін атады, сондай-ақ оларды қалай болдырмау керектігі туралы кеңестер берді, деп хабарлайды stan.kz.
Батарея жарылыстары үш себеп бойынша пайда болады: өндіріс ақаулары, қызып кету және гаджеттің ескіруі салдары. Сарапшылардың айтуынша, барлық құрылғыларда литий-ион батареясы орнатылады. Температураның күрт төмендеуіне байланысты ол газ шығара бастайды, батарея ісінеді немесе кейде сұйықтық ағады. Бұған қоса, соққы алғанда немесе зақым тигенде батареяның қызып кетуіне, жарылысқа себеп болуы мүмкін.
Мамандар құрылғының қызып кетуіне жол бермеу үшін фрмалық зарядтағыштарды немесе сертификатталған құралдарды пайдалануға, зарядтау кезінде гаджетте «ауыр» процестерді жасамауға кеңес берді.
Министрлік сондай-ақ, гаджеттерді киімнің артқы қалтасында салуға болмайтынын еске салады. Себебі механикалық зақымдану нәтижесінде батарея жарылуы мүмкін. Батарея зақымданса, химиялық реакциялардың салдарынан жарылыс туындауы мүмкін, оны пайдалануға болмайды.
Батарея өртенген жағдайда зарядтағышты гаджетке тигізбестен ажыратып алу керек немесе мүмкін болса, бүкіл бөлмені тоқтан ажырату керек. Сонымен қатар, гаджетті суға тастауға немесе оны жабуға болады. Егер реакция басталған болса, құрылғыны жарылысы зақым келтірмейтін орынға тастау керек.
Мамандардың айтуынша, компаниялар жақсартылған энергиямен тұтыну, қызмет ету мерзімі ұзақ және қауіпсіздік деңгейі жоғары аккумуляторлардың жаңа түрін жасауға тырысады.