Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде «мизам шуақ» қашан күтіледі?

Елімізде «мизам шуақ» қашан күтіледі?

Анықтама бойынша, «мизам шуақ» (бабье лето) – бұл күзде құрғақ, шуақты және салыстырмалы түрде жылы ауа райының ұзақ кезеңі. Бұл жайында kyzylorda-news.kz жазды.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына, Солтүстік теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының өткірленуі жүзеге асырыла бастайды. Осыған байланысты түнгі сағаттарда ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі: 3°С дейін үсік жүру мүмкіндігі бар. Күндіз +8+12°С дейін жылынады, оңтүстік өңірлерде ағымдағы онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі соншалықты елеулі болмайды – ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +5+15°С дейін, күндіз +27+35°С-тан +22+27°С дейін болады деп болжануда.

Үшінші онкүндіктің басында, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының республика аумағына шығарылуымен, температуралық фонның біртіндеп көтерілуі күтілуде. Алдымен еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы күндіз +20+25°С дейін көтеріліп, келесі күндері Қазақстанның қалған өңірлері де жылумен қамтылады. Солтүстік өңірлерде ауа +17+25°С дейін жылынады, орталық және шығыс бағандарында термометрлер +20+28°C белгісіне дейін, оңтүстік өңірлерде +28+33°С дейін көтеріледі.

Қазан айындағы алдын ала болжамға сәйкес, айдың екінші онкүндігінде ауа райы жылы күндермен құбылады, алайда түнгі температура төмен болады: батыста түнде +5+13°С, күндіз ауа +23+28°С дейін, солтүстік өңірлерде түнде +2+9°С, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15°С, күндіз +22+30°С.

Ескерту: консультациялық болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және болжам күні жақындаған сайын нақтыланады.
19 қыркүйек 2021 ж. 221 0