Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде есірткі сататын 800-ден астам сайт бұғатталды

Елімізде есірткі сататын 800-ден астам сайт бұғатталды

Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы күрес және «Дәрмек» жедел алдын алу шарасының нәтижелері туралы өткен брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды baq.kz.
2020 жылдан бастап қылмыстық заңнамаға электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатайтатын өзгерістер енгізілді. Осы жылдың 8 айында сотқа дейінгі 127 іс тіркелді, оның 58-і жарнама үшін және 69-ы интернет арқылы өткізуге қатысты болды. Есірткі тарататын 810 сайт бұғатталған, - деді ол.
Ол атағандай, жыл басынан бері 129 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. 11 есірткі зертханасы жойылды.
13 қыркүйек 2021 ж. 357 0