Күзде адам ағзасына қандай дәрумендер қажет?
Күз мезгілінде ағзаның ауа райына, температураның өзгеруіне бейімделуі қиын. Сондықтан дәрумендер қабылдау аса маңызды.А дәрумені. Метаболизм процестерін қалыпқа келтіреді, антиоксидантты әсерге ие, тері түсін жақсартады.
Е дәрумені. Иммундық жүйеге ықпалы зор, қан тамырларының жағдайын жақсартады.
С дәрумені. Токсиндерді шығарады, иммундық жүйенің жасушаларын белсендіреді.
В6 Дәрумені. Жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, эмоционалды фонды қалыпқа келтіреді, жұмыс қабілетін арттырады.
В12 Дәрумені. Асқазан-ішек жолдарының қызметін сақтау үшін қолданылады, қан түзілуін жақсартады.
D дәрумені. Шаш пен тырнақтың сапасын жақсартады, иммундық жүйенің қызметін тездетеді.











