Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Лимон қосылған судың денсаулыққа пайдасы

Лимон қосылған судың денсаулыққа пайдасы


Лимон қосылған судың ағзамызға пайдалы екені бұған дейін де айтылған. Оны дайындау жолы да өте қарапайым. Сонымен, лимон қосылған судың бірқатар пайдасын оқырман назарына ұсынамыз, деп жазады Казинформ. 1. Иммундық жүйеңізді қатайтады. Лимон С дәрумені мен калийге өте бай. Ол жүйке жүйесі мен мидың қызметін жақсартып, қан қысымын қалыпқа келтіреді. 2. Лимон қышқылы сілтілі балансты да реттейді. 3. Артық салмақпен күресуге көмектеседі. Өйткені, оның құрамында қандағы қант мөлшерін дұрыстайтын пектин бар. Ол қарныңыздың ашқанын көпке дейін білдіртпейді. Сондықтан, сілтілі диетаны ұстайтын адамдар басқаларға қарағанда әлдеқайда тез арықтайтыны дәлелденген. 4. Лимон қосылған су ас қорыту жолдарын жақсартады. Себебі, басқа ферменттермен де әрекетке түсіп, асқазан сөлін тежейді. Ал жылы су ішек-қарын жолдарын тазалайды. 5. Теріңіздің тартымды болуына септігін тигізеді. Лимон құрамындағы С дәрумені ағзаның ішінен теріні жасартады. Сол себепті лимон қосылған су ішу арқылы сіз көпке дейін қарттықты ұмытасыз. Оған қоса түрлі безеу, қара дақ секілді көзге тұрпайы көрінетін нүктелерден құтыласыз. Лимон қосылған су отқа күйіп қалып, денеңізге тыртық түссе да оны кетіруге көмектеседі. 6. Лимон - ең мықты антиоксидант. Ал оны суға қосып ішсеңіз, зат алмасу процесін жақсартып, ағзаңызды бос радикалдардан қорғайсыз. Холестерин мөлшерін төмендетіп, иммундық жүйені қатайтады. 7. Лимон қосылған су қаныңызды тазалайды. Сонымен бірге, қан тамырлары мен күретамырды да тазалауға көмектеседі және қан қысымын төмендетеді. Бұл сусын арқылы түрлі аурудың алдын алуға болады. Тіпті қатерлі ісікке де қарсы төтеп бере аласыз. Ең бастысы, кәсіби мамандырдың айтқан тәртібі бойынша ішкен дұрыс.

07 мамыр 2018 ж. 2 530 0