Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси маңызды құжат

Саяси маңызды құжат

Ел Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялап, елдегі жағдай мен республиканың іш­кі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы халықты хабардар етті. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылында атқарылған жұмыстар мен нақты атқарылуға тиісті шараларды то­лыққанды баяндады. Ендігі мақсат – Қазақстанның Орталық Азия­дағы көшбасшылық рөлін күшейту, әлемдік экономикадағы орнын нығайту, халқы­мыздың әл-ауқатын көтеру.

Президент алдымызға қойған нақты тапсырмалар еліміздің стратегиялық даму жоспарында қамтылған. Биылғы Жолдаудың бұған дейінгі Жолдаулардан ерекшелігі, соңғы 2 жылдағы әлемді жайлаған індеттен елімізді аман алып шығу жолдарына тоқталып, елі­міздің тұрақты даму жолына шығу те­тіктерін атап өтті.

Әлемді жайлаған індеттен бүкіл әлем зардабын тартқандай, Қазақстан үшін де оңай болған жоқ. «Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Пандемия салдарынан, карантин талаптарымен бюджетке кіріс азайып, бюджеттің шығыс бө­лігінің міндеттерін орындау үшін бюд­жет тапшылығының ұлғайғаны рас»­ деген Президент пандемиядан ке­­йін­гі еліміздің даму жолда­рын атап, нақты тапсырмалар жүктеді.

Бюджет кірісін арттыру үшін мем­лекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстауды, осы жылдың соңына дейін Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджет ережесін енгізуді және Үкімет пен Ұлттық банктен жыл соңына дейін мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Жолдауда «Бірінші байлық – денсаулық» қағидасын негізге алынып, денсаулық сақтау саласына қо­мақты қаржы бөлуді, бұл қаражаттың инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамта­масыз етуге жұмсалуға тиіс екенін міндеттелді. Оның ішінде, фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бүгінгі күні еліміздегі дә­рі-­дәрмек пен медициналық құрал-жаб­дық­тардың 17 пайызы отандық өнім. Осы өнімді 2025 жылы 50 пайызға жет­кі­зу қажеттігін ескертті.

Қазіргі эпидахуалдан шығудың бір­ден-бір жолы, дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымы дәлелдеген­дей, вак­цина қабылдау. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керектігін атап өтті. Елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таң­дау мүмкіндігі бар. Көптеген мемле­кет­тердің бұған қолы жетпей отыр. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санау­­лы мемлекеттің бірі. «QazVac» вакцинасына өзге мемлекеттер де сұраныс білдіріп отыруы – үлкен жетістік.

Президент Қ.Тоқаев өз сөзінде айтқандай, Президент қызметіндегі ең басты мақсаты және тілегі – біздердің амандығымыз. Сол себепті осы Жолдауда беріліп отырған әрбір бастама халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бірінші бастама ең тө­мен­гі жалқы мөлшерін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 мың теңгеге дейін көтеруге арналса, екінші бастама қызметкерлерінің еңбекақысын кө­­­бейткен жұмыс берушілерге рет­телмелі сатып алу жүйесі аясында мемлекеттен белсенді қол­­дау көрсе­тілмек. Ал үшінші бас­та­мада 2023­­­­­­ жылдың 1 қаңтардан бас­тап, еңбек­ақы төлеу қорынан бірың­ғай тө­лем енгізу жүзеге асырылады. Төр­тінші бастама 2022 жылдан 2025­ жыл­ға дейін бюджеттен қаржы­лан­ды­­рылатын мәдениет қыз­мет­кер­лері, мұ­рағатшылар, кітап­хана­шы­­­­­­­­­­­­­­­­­лар, техни­ка­лық қызметкерлер, қо­­­рық­шылар, көлік жүргізушілер және басқа­­лар қызметкерлердің жалақысын жыл­ са­йын орта есеппен 20 пайызға өсі­­руге, бесінші бастама, тұрғын үйге қол­­­­же­­­тім­ділікті қамтамасыз етуге арналды.

Қазақстан Республикасының Прези­денті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбымен жолданған Қазақстан халқына кезекті Жолда­уын Сырдария аудандық қазынашылық басқармасы ұжым болып оқып, «Бір­лігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік» ұстанымын ұстануда. Президент берген тапсырмалардың жүзеге асырылуына басқарма қызметкерлері адал, мінсіз еңбектерімен өз үлесін қо­сатын болады.


З.РАХЫМШАЕВА,
Сырдария аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы
07 қыркүйек 2021 ж. 306 0