Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда 5 қолайсыз отбасы бар

Ауданда 5 қолайсыз отбасы бар

Ағымдағы жылдың 09-16 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіптің тиісті деңгейін қолдау, көшелердегі, аулалардағы және өзге де қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, криминогендік ахуалды оңалту, масаң күйде, отбасы тұрмыстық қатынастар саласында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу болып табылады.

Іс-шара барысында төмендегідей шаралар жүзеге асыру көзделген. 

Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында орын алатын қылмыстың алдын алу, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім, оның ішінде бұрын полиция органдарында отбасы тұрмыстық қатынастар саласында заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру;

Тұрмыстағы құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын алу үшін қорғау нұсқамасы және оларға қатысты мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдарды тексеру; Тұрғын үйлердің аулаларында құқық бұзушылық профилактикасында өзара іс-қимыл жасасу мәселелері бойынша ПИК және жұртшылықпен кездесулер ұйымдастыру;

Алкогольдік өнімдерді сату жөніндегі заңнама талаптарын бұзуларды, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде пайда болу, сондай-ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілерін анықтау;

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде, ойын-сауық мекемелерінде (түнгі және компьютерлік клубтарда) немесе үйден тыс болуы фактілерін анықтау;

Белгіленбеген жерлерде сауда жасау, оның ішінде заңсыз сауда жасау, сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісу фактілерінің жолын кесу;

Қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау. 

Іс-шарада  7 қорғау бойында нұсқаулық алынды. Аудан бойынша бүгінде 5 қолайсыз отбасы бар. 

Тұрғындардың назарына: әрбір жасалған қылмыстардың жасалайын деп жатқан қылмыстардың алдын алу, дер кезінде хабар беру, тек қана полиция қызметкерлерімен ғана шектелмейді, оған қоғам болып атсалысқан жағдайда қылмыстылыққа жол берілмейді. Сондықтан баршаңызды қылмысты болдырмауға атсалысуға шақырамыз!!!

Сырдария аудандық полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

16 маусым 2021 ж. 451 0