Нұрлан ӘБУТӘЛІПОВ: алдыңғы толқынның ісін жалғастырамыз
Биыл біздің мектеп бітіргенімізге он жыл толып отыр. Сондықтан тірлігі тындырымды түлектердің игі істерін жалғастырмақ ниеттеміз. Алдыңғы буын аға-апаларымыздың жақсы істері мен үлгілі өнегесі туған жерге деген патриоттық сезімімізді оятады.
Сыныптастарымызбен ақылдаса келе өзіміз білім алып, қияға қанат қаққан №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің ауласына «Туя» талының көшеттерін егуге бекіндік. Талды алғашқы ұстазымыз Гүлсара Сәдуова, жоғары сыныпта бізге сынып жетекшісі болған Жанна Сәркеева апайымызбен бірге егеміз. Мұнан бөлек, білім ордасының кіреберісіне 2021 жылы мектеп-лицейді бітірген 11 «в» сыныбының атынан 5х3 өлшемді темір билборд орнатып беруді жоспарлап отырмыз. Ол билбордқа мектеп ұжымы жетістіктерін, жаңалықтарын және білім, ғылым, тәрбие туралы ұрансөздер ілетін болады.
Мектебімізге, ұстаздарымызға деген құрметіміз ерекше. Былтыр ғасырлық мерейтойы аталып өтілген мектебімізге тағзым ету арқылы кейінгі жастарға үлгі көрсеткіміз келеді. Сөйтіп, ата-аналарымыздың үмітін, ұстаздарымыздың сенімін ақтасақ деп ойлаймыз. Оның үстіне алдыңғы толқынның ісін жал-ғастыруды парызымыз деп санаймыз.
Нұрлан ӘБУТӘЛІПОВ