Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » "Қызылту" каналын тазарту жүргізілуде

"Қызылту" каналын тазарту жүргізілуде

Аудандағы Аманкелді ауылдық округі аумағындағы инженерлік жүйеге келтірілген жерлер бүгінде тозығы жеткендіктен каналдардың су өткізу қабілеті төмендеген.

Суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №904 қаулысына сәйкес Аманкелді ауылдық округі аумағынан 1300 гектар жерді аталған іс-шаралар жоспарына енгізілді. Нәтижесінде ауылдық округтегі "Қызылту" каналына арнайы техника көмегімен механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу басталды.

Алдағы уақытта елді мекендегі тұрғындардың есік алдындағы бау-бақшалығы жаз бойы аяқ сумен уақытылы қамтамасыз ету мүмкіндігі болады.

Каналды тазалау жұмысын "Табиғат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда.

"Тт" ақпарат
19 қазан 2020 ж. 786 0