Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС жарналарын төлеуді қандай тұлғалар дербес жүргізеді?

МӘМС жарналарын төлеуді қандай тұлғалар дербес жүргізеді?

МӘМС жарналарын дербес төлеушілер мына түлғалар болып табылады: - тіркелмеген жұмыссыз азаматтар; - ҚР шегінен тыс жерлерге кеткен тұлғалар (ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кеткендерден басқа); - ЖК; - жеке практикамен айналысатын, салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған азаматтар, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
«Дербес төлеушілер өз пайдасына ай сайын МӘМС-ке аударады және жарналарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде 2020 жылдын 1 қаңтардан бастап жарналарды төлейді. Осылайша, МӘМС жарналарын дербес төлеушілер болып табылады және МӘМС-ке жарналарды дербес төлеушілер ретінде төлейді — 1 ЕТЖ-ден 5%, немесе 2 125 теңге, - деп түсіндірді Қор филиалының басшысы.
Б. Исмаханбетовтың айтуынша, егер, мысалы, үй шаруасындағы әйел ресми түрде бала күтіміне байланысты демалыста болса, онда ол өзі үшін МӘМС жарнасын төлеудің қажеті жоқ, себебі декреттік демалыста жүрген кезеңінде мемлекет ол үшін МӘМС жарнасын төлейді.
Жалпы, мемлекет азаматтардың 15 санаты үшін төлемдерді жүзеге асырады. Толығырақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында: https://fms.kz/ru/content/lgotnym-kategoriyam-grazhdan

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
18 мамыр 2020 ж. 665 0