Праймеризге қатысуға ниетті үміткерлер назарына!
1) Қазастан Республикасының Мәжілісіне үміткерлер - Қазақстан Республикасының аумағында соңғы он жыл ішінде тұрақты тұрып жатқан және жасы жиырма беске толған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) Жергілікті Маслихатқа үміткерлер - жасы жиырмаға толған Қазақстан Республикасының азаматы;
3) Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ;
4) Сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған адам;
Сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған, соттылығы бар адам;
Сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам праймеризге қатыса алмайды және кандидат бола алмайды.
5) «Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет. Кандидат ұсынылған кезде партияның мүшесі болмауына жол беріледі, бірақ ол праймеризге қатысу үшін тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партияға кіруі тиіс.