Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғақ құрты тесікті мүжіп...

Жаңғақ құрты тесікті мүжіп...

Жаңғақ құрты тамылжып тұрған жаздың бір күні жаңғаққа (грек жаңғағы) өзі кіре алтындай тесікті мүжіп ішіне кіреді.

Жаңғақтың іші бұжыр - бұжыр болғандықтан сүйсініп айналдырып жей бастайды. Бұл әрине оңай шаруа. Құрт жеген сайын семіре түседі.

Бір күні жаңғақтың ішін бітіріп сыртқа шыққысы келеді. Алайда созылған қарын, үлкейген денемен кірген тесіктен шығу оңайға соқпайды. Шығу үшін арықтауын күтеді.

Біраз уақыттан соң әбден арықтап, әлсіреп алғаш кірген кішкентай тесігінен сыртқа шықса жадыраған жаз өтіп, күн салқындап күз болған екен. Нәтижеде іші бос жаңғақ пен әлсіреп, қалжыраған өзі қалған екен.

Адам баласы да өмірін, жастық шағын алдамшы дүние тірлігіне айырбастап, бос нәрселердің соңында өткізіп алып жатады. Өмірінің күзі кәрілік келген сәтте есін жиып ақылға келген болады.

Алайда құлшылық қылайын десе денсаулық жарамай суық қыстың ызғары жақыннан сезіліп, мүмкіндіктерді жіберіп алғандығына өкініп жатады.

"Ақылды - өзін төмен ұстап ақыретке дайындалған адам, ақымақ - нәпсінің қалауына еріп, Алланың кешірімінен үміт еткен адам" (Хадис).

Нұршат Көпжасарова
02 тамыз 2020 ж. 1 009 0