Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғақтың пайдасы

Жаңғақтың пайдасы


✅ Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады. 

✅ Миды қуаттандырады. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарлатады. 

✅ Холестеринді төмендетеді. Жаңғақ дәнінің құрамында 65% май бар. Ол адам денесіндегі қан айналысын жақсартады. 
Өтке байланған тасты ерітеді. Дұрыс тамақтанбауға байланысты өтке байланған тасты ерітіп, сыртқа ығыстырады. Дәрігерлердің айтуынша, өтіне тас байланған адамдар жаңғақты үнемі жесе, операция төсегіне жатуының қажеті жоқ екен. 

✅ Теріні ажарландырады. Жаңғақтың құрамындағы мол кальций, фосфор, темір сияқты микро элементтер адам денесін түрлі ферменттермен қамдайды. Мұның ішіндегі Е витамині жасуша босауының алдын алады. Жаңғақты лайықты мөлшерде жесе, бет терісін ажарландырып, ағартып, майдалылығын, жылтырлығын арттырады. Босануға жақындаған жүкті әйелдер көбінесе жаңғақ дәнін жеу арқылы өз келбеттерін сақтайды.
18 сәуір 2018 ж. 1 784 0