Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шие пайдасы: неліктен шие жастықтың жидегі болып саналады

Шие пайдасы: неліктен шие жастықтың жидегі болып саналады

Шие - бұл дәмді әрі пайдалы жидек, ал шілде айы - шие маусымының ең қызған шағы. Сондықтан, қазір шиені барынша пайдаға жарату керек, – деп хабарлайды stan.kz.

Шие - бұл күшті антиоксидант. Сонымен қатар, оның құрамында көптеген пайдалы заттар бар, ол ұйқысыздық пен буын ауруларына көмектеседі. Бір шыныаяқ шие құрамында 90 килокалория, яғни жеткілікті мөлшерде жасұнық, А және С дәрумені бар.

Шиенің шығу тарихы

Шие мыңдаған жылдар бойы өсіріліп, қолданылып келді. Ол Ежелгі Римде, Грецияда және Қытайда бұрыннан бері дастарханға қойылған. Шие алғаш рет Персияда пайда болып, құстар арқылы Еуропаға жеткізілді деп саналады.

Шие туралы қызықты деректер

Бір қызығы, шие 15-30 жыл өмірінің 3-4 жылында ғана жеміс береді екен. Бір маусымда ағаштан 70 келіге дейін жидек алуға болады.

Шиеден уланып қалу әбден мүмкін, бірақ жидектің өзінен емес, сүйегінен. Әсіресе, шиені сүйегімен жұтып қоятын жас балаларға бермеген абзал.

Шие сүйегінің құрамында адам ағзасында көгерткіш қышқылына айналатын амигдалин бар. Ересектер бір демде 1-2 шие сүйегін қорықпай жей алады.
26 шілде 2020 ж. 929 0