Маска тағудың ережесін білесіз бе?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, медициналық және мата маскаларды кім және қашан тағуға болатыны арасында бірнеше айырмашылық бар.
-Медициналық масканы медицина мамандары, COVID-19 белгілері бар адамдар және COVID-19-ды жұқтыруда күдікті емделушілерге күтім жасайтын адамдар киюі керек.
-60 жастан асқан адамдарға және созылмалы аурулары бар адамдарға кемінде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын жерлерде медициналық маскалар кию керек.
Коронавирустық инфекцияның таралуы тіркелген жерлерде, сондай-ақ, кемінде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын жерлерде COVID-19-дың белгілері жоқ адамдарға мата (медициналық емес) маска кию керек.
Сонымен қатар, масканы қолданған кезде оны дұрыстап кию және дұрыс тастау маңызды.
-Масканы киер алдында қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.
-Аузыңызды және мұрныңызды маскамен жауып, бет пен маска арасында бос орындар жоқ екенін тексеріңіз.
-Масканы қолыңызбен ұстамауға тырысыңыз. Егер тигізсеңіз, қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.
-Масканы ылғалданған соң ауыстырыңыз және бір реттік масканы қайталап кимеңіз.
-Масканы артқы жағынан шешіңіз (алдыңғы жағын қолыңызбен ұстамаңыз). Оны дереу жабық қоқыс жәшігіне тастаңыз. Қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.