Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігіміз арқылы қиындық атаулыны жеңеміз

Бірлігіміз арқылы қиындық атаулыны жеңеміз

Бүгінде еліміз, жалпы бүкіл дүниежүзі ауыр кезеңді бастан өткізіп жатыр. Өкінішке қарай, төтеннен келген індет салдары әрбір отбасын айналып өтпей отырғаны да анық.

Пандемия салдарынан көз жұмған жандардың қатарында елге белгілі азаматтарымыз, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, өзгенің өмірі үшін соңғы сәтке дейін күресіп өткен дәрігерлеріміз бар. Біз үшін дүниеден озған әр отандасымыздың орны бөлек. Осыған орай індеттен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Елімізде енді ешқашан мұндай қаралы күн болмасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақ – сан қилы тарихында бұдан да ауыр сынақтардан сүрінбей өткен және талай тар жол, тайғақ кешуден аман қалған халық. Соның бәрінде бекем бірлік пен ырыс-ынтымағымызға табан тіредік.

Қазір де дәл солай ауызбіршілік танытсақ, аурудың әрі қарай асқынуына жол бермейтініміз сөзсіз. Сондықтан әрқайсымыз жақындарымызға жанашырлық танытып, мамандар анықтап берген талаптарды орындауға ерекше көңіл бөлейік!


Ұлмекен ЖАНАЛИЕВА,
"Сырдария ауданының әйелдері" ҚБ төрайымы, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі

13 шілде 2020 ж. 489 0