Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

№ 58 газет

05 тамыз 2025 ж.

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Коронавирусқа қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір

Қасым-Жомарт Тоқаев: Коронавирусқа қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты коронавирус қаупін шетке ысырмауға, сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирусқа қатысты ахуал күрделі күйде қалып отыр. Алайда басқа мемлекеттермен пропорционалды тұрғыда ойлайтын болсақ, басқа елдерден қарағанда біздің елдегі жағдай жақсы болмаса, жаман емес. Алайда осынау қалыптасқан жағдайға қарап қана отыра бермейміз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Бүкіл қоғам болып оны жүргізуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде.

Сонымен бірге Президент коронавирус қаупін шетке ысыруға болмайтынын жеткізді.

«Бұған қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір. Бұл өте қауіпті әрі жауыз ауру. Әлемде бұл ауруды жұқтырғандар саны 12 миллионға жетті. Қайтыс болғандардың саны артып барады», - деді ол.

08 шілде 2020 ж. 488 0