Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сіз қандай «Анасыз»?

Сіз қандай «Анасыз»?

Үш түрлі анадан сөз етейік. Сіз қайсысыз, өзіңіз таңдаңыз?
  1. Бір аналар болады, баласына шұлық сатып алса: «Айтшы, кәне, бұл шұлықты кім әперді екен саған?»–деп сұрайтын. Сөйтеді де, өзін көрсетіп, баласын өзіне байлайды.
  2. Енді бір аналар бар, баласына көйлек сатып әперіп: «Балам, бұл көйлекті мен сатып әпердім, бірақ әкең аман болсын. Себебі, мұның бәрі әкеңнің маңдай терісімен келген ақшаға алынды»,–деп баласын әкесіне байлайды.
  3. Басқа бір аналар бар, баласына не сыйлық жасаса да: «Балам, ақшаны әкең берсе де, мен сатып әперсем де, мұның бәрі Алланың нәсібі, Алланың ырзығы, барлығы да Алладан келеді», – деп баласын Аллаға байлап, Аллаға парыздар, борыштар етеді. Сөйтеді де, баланы иманға, ғибадатқа, шүкірге ынталандырып, баланың өміріндегі сенім іргетасын қалайды.
Ал, сіз қандай анасыз?

15 маусым 2020 ж. 488 0