Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Латын әліпбиін қолдаймыз

Латын әліпбиін қолдаймыз

Алдымен  бүгінгі  компьютер заманында  интернет жүйесінде үстемдік ететін латын  әліпбиі  екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық  поштамыз бар. Ол поштамыз кирил, араб, латынмен жазылған. Латын  әліпбиі  бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға  еніп кеткен.Оны  еліміздегі  кез келген сауатты  адам  белгілі  дәрежеде біледі. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы  мәселесі. Екіншіден, қазақ  тілін оқытқан  уақытта  басы  артық таңбаларға  қатысты емле, ережелердің қысқаратыны  белгілі. Үшіншіден, латын  әліпбиіне  көшу – қазақ  тілінің халықаралық дәрежеге  шығуына  жол ашады. Төртіншіден,түбі  бір  түркі дүниесі, негізінен  латынды қолданады. Жастар жағы, орта  буын  өкілдері  компьютерді  толық меңгергендіктен  латынды  дереу үйреніп  алады  деп ойлаймын. Қазақстан  халқы латынды көп қиындықсыз меңгеріп кететіндігіне сенім білдіремін.
Ал латынға көшкен жағдайда, сөздер жаңа  латын  әліпбимен жазылғанда  жұрттың  бәрі  оны  жаңадан қабылдайды. Жаңа сөз ретінде, жазылуын  орфографиялық  норма  ретінде  қабылдап  көзі  де үйренеді. Бұл, әсіресе, тілдегі  басы  артық  дыбыстардың, сөздердің, дұрыс  жазылуын, қазақша  дыбысталуын  қамтамасыз  ету  үшін, тілдің  өз  табиғаты  үшін  керек.

Жанат Искакова,
№42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп лицей
Қазақ тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі
12 маусым 2020 ж. 472 0