Жиреншенің қыз таңдауы

— Мына үйдің шаңырағының үлкенін-ай, — депті. Қыз:
— Үлкен болса, түтіні түзу шығар, — депті. Жиренше:
— Бір ақ қолтық қызыл қашар қарап жүр едім, — депті.
Қыз:
— Оны мен көрдім. Мана құдық басында бір кәртік мұрын қара бұқа артын иіскеп тұр еді, — депті.
Жиренше: «Сол қыздың үйіне барып, әкесімен сөйлесіп кел» деп бір кісі жіберіпті. Қыз жалғыз өзі үйде шашын жуып отыр екен. Кісі кіріп барғанда қыз:
— Түңғұлақ кісінің атасына нәлет, — деді депті. Жіберген кісі түсінбепті. Жиренше:
— Үйінде ит жоқ екен ғой, — депті.
— «Әкең қайда кетті?» — деп едім, — «ағаш қазан қайнатуға кетті» — деді.
Жиренше:
— Әкесі насыбай уқалауға кеткен екен, — депті.
— «Шешең қайда?» деп едім. «өлі мен тірінің арасына кетті», — деді. Жиренше:
— Туа алмай жатқан әйелге кеткен екен ғой, — деді.
— «Ағаң қайда?» деп едім, «сегіз аяқтымен аңға кетті» деді.
Жиренше:
— Буаз биемен кеткен ғой, — деді.
— «Жеңгең қайда?» — деп едім, «көп болса да тұтбеске кетті» деді.
Жиренше:
— Отынға кеткен ғой, — деді.