Иммунитет төмендегенін қалай білуге болады?
Көктем келгенде адам ағзасы әлсіреп, иммунитеті төмендер, дәрумендерді қажет етеді. Иммунитеттің төмендегенін қалай білуге болады?
Иммун жүйесінің нашар жұмыс істей бастағанын білдіретін бес белгіні біле жүріңіз:
– Бір жыл ішінде 10 реттен көп тұмауратасыз, суық тиіп ауырасыз.
– Шашыңыз көп түседі, буындарыңыз қақсайды, тамағыңызда бірдеңе тұрғандай болады.
– Үнемі әлсіз, шаршап тұрғандай сезімде боласыз. Тіпті ұйқыдан оянғанда да еңсеңіз басылып тұрады.
– Ерніңізде ұшық жиі пайда болады. Ұшық ағзадағы вирустардың артып кеуін білдіреді, ал иммунитет вирустардың көбейіп кетпеуін қадағалайды.
– Тұмау тисе, қабынып, төсек тартып ұзақ жатып қаласыз.
Осы жағдайдың бірін бойыңыздан байқасаңыз, иммунологқа көрінгеніңіз жөн.