Бақытты балғын дәурен
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ол ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Өйткені өскелең ұрпақ – сол елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматы. Сондықтан да бар жақсылық балаларға жасалады. Өскелең ұрпақтың жан-жақты, тәрбиелі, саналы болып өсуіне барлық қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болатыны сөзсіз. Қазақ елі де ұрпағын – ұлы даланың ұлағатты перзенті, ертеңгі болашағына балайды. Сол себепті де бар жиған-тергенін, ақыл-парасатын баладан аяған емес.
Сол бір кездер-ай!
Балалық балдәурен шақ қызық қой, шіркін!
Таң сәріден көзіңді тырнап ашып, ойынға ынтызарың ауып тұрады. Сол сәтте алдыңа асты әзірлеп әкелген анаң тәттілерді аузыңа тықпалайды. Бірін жеп, екіншісіне түріңді тыржитып, ауқаттанып алып, есіктен сыртқа атып шығасың. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген осыдан шықса керек.
Бұл кезде көшеде бір топ бала күнделікті әдетпен ойын қуып жүреді. Асыр салып жүгіріп келіп, орталарына топ ете қаласың. Содан түс болғанша балалармен көшенің мына басынан бір шығасың, ана басынан бір шығасың. Таңертең ғана киген киімнің алба-жұлбасы шығып, күн шақырайып төбеден түскенде ананың шақырған дауысы естіледі. Ойын қызығымен отырғанда ананың шақырғанын кейде естімей қаласың. Сол кезде артыңнан іздеуші – ағаң немесе әпкең келеді. Жары жолда айқайлап тұрып шақырғанда қолды бір сілкіп, орныңнан еріксіз қозғаласың. «Бір рет шақырғанда неге келмейсің? Қазір анамыздан таяқ жейсің» дегенде үйге қарай жүрексіне қадам жасайсың. Ал сол кездегі түріңді көргенде анаң иықтан жұлқылап үйге кіргізіп, жуындырады, таза киім кигізеді.
Түскі ас ішкеннен кейін «Төргі бөлмеге барып ұйықта» дейді. Ол кезеңдерде бала үшін ұйықтау арман емес, міндет саналады. Ұйқың келмесе де амалсыздан төргі бөлмеге барып, терезеге бір қарап, аунап-қунап жатасың. Жаздыгүнгі ыстықта түскі астан кейін үйдегілер де бір ауық мызғып алады. Сол сәтті төргі бөлмеде жатып, ұзақ күтесің. Көздері ілінді-ау дегенде төргі бөлменің есігінен сығалап, аяқтың ұшымен сыртқа қарай бет аласың. Екі көзің әке мен ана жақта болады. Әуелгіде ақырын қадам жасасаң, сыртқы есік жақындай бастағанда алды-артыңа қарамай жылдамдатып, шығып кетесің. Тысқа шыққанда бір «уһ» деп алып, «Менің атым – Қожа» фильміндегі Қожа секілді ытқи жөнелесің. Бұл уақытта көрші досың да үйінен саған қарай ентелеп келе жатады. Таңертеңгілік жиналған топ түс ауа да жиналып, күннің аптап ыстығына қарамай, ойын әрі қарай қызады. Сол жүргеннен кеш батқанша ауылды топтпсып, ойын қуасың. Уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Содан күн ұясына батқан уақытта үйге қарай аялдайсың. Әдеттегідей, алба-жұлба киім, өзің кір-қожалақ. Ананың бір ашуының ызғарын көріп, үйге енесің. Кешкі асты ішсең іштің, ішпесең күні бойы тас шауып, барлық тіршілікті істеген адамдай сілелеп құлайсың. Жатқан жеріңде ұйқыға кетесің. Әкең, я болмаса ағаң көтеріп, орныңа апарып жатқызады. Ал таңертең кешегі күні дым болмағандай сыртқы есіктен тысқа қайта-қайта атып шығасың. Осылай қызыққа толы балалық балдәуренді өткізесің.
Ол кезеңдер тез ұмытылуы мүмкін. Балалық шақ алыс көкжиекке сіңіп, шындықтан алыстай түсіп, есейіп кетеміз. Ал асыр салып ойнап жүрген балғындарды көргенде немесе әркім балалы-шағалы болғанда сол бір қимас сәттер көз алдыңа келеді. Бүлдіршіндерге қарап өзіңнен-өзің мәз болып, еріксіз күлесің. Артынша, «әй, сол бір балалық кездер-ай» деп сағынасың.
Бала тілі – бал
Барлық кішкентай сәбилердің істеген іс әрекеті үлкендердің жүзіне күлкі, қуаныш әкеледі. Олар ойнай бастаған сәтте адамдар шаршағанын ұмытып кетеді. Бүлдіршіндердің, енді ғана тілі шыға бастаған балдырғандардың әрбір сыңғырлаған, былдырлағын сөздері адамды еліктіріп әкетеді. Қазақ халқы «Бала тілі – бал» деп босқа айтпаса керек-ті. Одан бөлек дана халқымыз «Балалы үй – базар» дейді. Ол «базарда» небір қызықтар болады. Балалы үй берекеге толы да болады. Дүниеге сәби келгенде халқымыз «Әр баланың өз несібесі бар» дейді. Міне сол бүлдіршіндер өсіп, ер жетемін дегенше қызыққа батырады, сол ұрпағымен адамдар да мың жасайды.
Таңдайы тақылдап тұрған баланың айтпайтын сөзі болсайшы. Әсіресе, кішкене балалар көп нәрсені тауып айттым деп ойлайды. Рас, кейде тауып айтады. Алайда көп жағдайда олардың айтқаны көпшілікті күлкіге көміп жатады. Ол – балалы үйдің бәрінде де болатын жағдай. Осы ретте, «Балалы үйде ұрлық жатпайды» дегендей, балалардың мерекесіне орай езу тартар қызықтарын ұсынғанды жөн көрдік.
Мұғалім бұзық баланың үйіне келеді.
– Анаң қайда?
– Жұмыстан әлі келген жоқ.
– Әкең ше?
– Ол да тығылып отыр.
*****
– Мама, бүгін бізді мектепте дәрігер қарады.
– Иә, ол не тексерді?
– Ол біз демаламыз ба, жоқ па, соны тексерді.
*****
– Мен кеше қатты құлап қалдым ғой...
– Жыладың ба?
– Жоқ!
– Жарайсың! Неге жыламадың?
– Үйде ешкім жоқ қой...
*****
Әжесі немересіне:
– Балам, егер жөтелетін болсаң ауызыңды қолыңмен жауып жөтел, – дейді.
Сонда немересі:
– Әже қорықпаңыз, менің тістерім сіздікіндей ұшып кетпейді, – депті.
*****
Кішкентай бала жүгіріп келіп:
– Апа-апа, қайнап жатқан қазанның ішіне тышқан түсіп кетті, – депті. Апасы шошып кетіп:
– Алып тастадың ба? Күйіп қалмадың ба? Не істедің? – десе, баласы:
– Тышқанды ұстасын деп артынан мысықты салып жібердім, – деген екен.

Ердос БЕРКІНБАЕВ